
Құрметті сайт пайдаланушылары!
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Колледж – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған заманауи білім беру ұйымы. Оқу үдерісі білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, шығармашылық және тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге негізделген.
Білім беру қызметі ұлттық құндылықтар мен инновациялық педагогикалық технологияларды ұштастыру қағидатына сүйенеді. Оқу-тәрбие үдерісінде цифрлық ресурстар мен заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, теория мен тәжірибенің сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Колледж жоғары білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етілген және ашықтық, академиялық адалдық, әлеуметтік серіктестік қағидаттарын ұстанады. Студенттердің зияткерлік және рухани дамуына бағытталған түрлі білімдік және тәрбиелік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Оқу орнының басты құндылығы – білімге құштар студенттер мен кәсіби шебер педагогтер қауымы.
Құрметпен,
Колледж директоры
Елеушова Меңдігүл Жабайқызы
10.06.2026
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ
2026 жылғы 8 маусымда 01140200 – «Музыкалық білім беру» мамандығы, 4S01140201 – «Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі» біліктілігі бойынша М-41 тобында қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.
Қорытынды аттестаттау...
08.06.2026
А МОДУЛІ – САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
2026 жылғы 8 маусымда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алып жатқан А-41 тобында қорытынды аттестаттаудың демонстрациялық емтиханы басталды.
Емтихан екі тәуелсіз модульден тұрады....
08.06.2026
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ АЯСЫНДА ЛОГОПЕДИЯ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРҒАУ
2026 жылдың 8 маусым күні қорытынды аттестаттау емтихандары басталды. Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0113100 – «Логопедия» мамандығы, 5AB01130101 – «Логопед» қолданбалы бакалавры біліктілігі бойынша білім алып жатқан IV курс Л-41ҚБ...
25.05.2026
«ФУТЗАЛДАН ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК!»
2026 жылдың 21–22 мамыр күндері өткен қалалық спартакиаданың бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Футзал» жарысында «Жарқын» футбол клубы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда ойыншылары тартысты кездесулер барысында...
21.05.2026
БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес өскелең ұрпақ...
21.05.2026
«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» тақырыбындағы мазмұнды дөңгелек үстел
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек...
19.05.2026
ӨНЕР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Әлмұхамбетовтің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өнер және білім беру экожүйесінің заманауи мәселелері» атты халықаралық...
14.05.2026
АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ – ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Абай Құнанбайұлы ілімінің өзектілігін айқындайтын маңызды іс-шара 2026 жылдың 13 мамыр күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Бастауыш мектеп бөлімінің апталығы аясында өтті. БМ-31 және БМ-41 топтарының қатысуымен «Толық адам және XXI...
14.05.2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ
2026 жылдың сәуір айында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында құқықтық тәрбие бағытында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция...