АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Мектепте музыка пәнін оқыту» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік WorldSkills-2021 байқауы өткізілді

2021 жылдың 29 қаңтарында колледж базасында «Мектепте музыка пәнін оқыту» құзіреттілігі бойынша WorldSkills –2021 байқауы өткізілді.
Байқаудың кезеңдері:
Модуль А. Электрондық портфолио құру;
Модуль В. Шығармашылық баттл. Халық әнін акапелламен айту;
Модуль С. Шығармашылық баттл. Үздік аниматор;
Модуль Д. Мектептегі музыка сабағы.
Чемпионат қатысушылары:
1. Ануарбекова Аружан - М 31 тобы
2. Багаудинова Айзат - М 31 тобы
3. Бижұма Гүлнұр - М 31 тобы
4. Жаркенова Дильназ - М 31 тобы
5. Рамазан Әсемгүл - М 31 тобы
Байқауға қатысқан студенттер жоғары деңгейде дайындалып, әр кезеңнің тапсырмаларын өте жақсы орындап шықты. Сабақ өткізу модулінде қатысушылар еріктілер тобы ретінде Музыка бөлімінің І және ІІ курс студенттерін қатыстырды. Қатысушылардың бойларынан мектепте музыка пәнін оқыта алатын құзыретті маман иесі болатыны байқалды.
Сайыстың сарапшылар құрамына Музыка бөлімінің жоғары санатты оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрлері Шайрахметова Әсел Ғалымқызы,Таткенова Сауле Қайратқызы және жас маман ретінде музыка бөлімінің мектеп және балабақша музыкалық тәрбие әдістемесінің оқытушысы Төлеубай Бахтияр Еркінұлы кірді.
 
Жаңартылған күні: 02.02.2021 11:10
Құрылған күні: 02.02.2021 11:10

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст