АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауы өткізілді

2021 жылдың 27 қаңтар күні колледж базасында «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауы өткізілді. ZOOM платформасы арқылы өткізілген байқау үш кезеңнен құралды.
1-тапсырма: Модуль А. Электрондық портфолио құру.
2- тапсырма: Модуль В. Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу.
3- тапсырма: Модуль Е. Педагогикалық жағдаят.
Колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауына ФБ-21 тобынан Қарашолақова Аяулым, Нағызханова Жанар, ФБ-31 тобынан Маканова Сәуле, Тұрсынбек Сая, ФБ-32 тобынан Қуандық Айым қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, Филология бөлімінің меңгерушісі Ә.Қажақпар, Тіл және әдебиет кафедрасының оқытушылары Т.Жоламанова, А.Рахимова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Сағындық қатысты.
Жаңартылған күні: 28.01.2021 11:54
Құрылған күні: 02.02.2021 11:27

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст