АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Мектепте музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» аймақтық чемпионаты өтті

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Мектепте музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өтті.
Айта кету керек, жас мамандарға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру мақсатында өткізіліп келе жатқан чемпионатқа «Мектепте музыканы оқыту» құзыреттілігі жаңадан енгізіліп отыр.
2021 жылдың 8 cәуір күні аймақтық чемпионаттың ашылу салтанатынан бастау алып, қатысушылар шеберлік сайысының 4 кезеңі бойынша сайысқа түсті. Чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, жоғарғы көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алды. Чемпионат төмендегі кезеңдер бойынша өткізілді: А модулі: Видеоклип; В модулі: Шығармашылық баттл; С модулі: Ырғақтық импровизация; D модулі: Мектептегі музыка сабағы.
 
Жаңартылған күні: 12.04.2021 09:39
Құрылған күні: 12.04.2021 10:00

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст