АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауы өткізілді

2021 жылдың 26 қаңтар күні колледж базасында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік «WorldSkills - 2021» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу байқауы өтті.
Байқау қашықтықтан өткізілгендіктен кезеңдері қысқартылып, тек 3 тапсырма ұсынылды.
1-тапсырма: Модуль А. Электрондық портфолио құру.
2- тапсырма: Модуль В. 2–сынып жаратылыстану пәні бойынша оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу.
3- тапсырма: Модуль Е. «5 минутта үйретемін».
«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионатының қатысушылары:
1. Арапова Қарлығаш - БМ-21 тобы.
2. Серікжанқызы Ақсұңқар - БМ-21 тобы.
3. Мұратова Сәния - БМ-21 тобы.
4. Искендирова Асел - БМ-31 тобы.
5. Сағындықова Әйгерім - БМ-31 тобы.
6. Лескенқызы Айжан - БМ-31 тобы.
Берілген тапсырмаларды тек қана көрсетілген бағыт бойынша емес, өз ойларын, өз қиялдарын жетік қолданып, сабақ барысында алған әдістемелік білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Кезеңге байланысты уақыт беріліп, сол уақытты тиімді пайдалана алды. Әр модуль бойынша өздері жасаған жұмыстарын қорғап, әр қатысушы белсенділікпен, жауапкершілікпен атқара білді. Қатысушылардың бойларынан бастауыш сыныптарды оқыта алатын маман иесі екендігі байқалды. Әр қатысушыға алғысымызды білдіреміз. Жүлделі орындар жабылу салтанатында жарияланады.
 
Жаңартылған күні: 28.01.2021 10:01
Құрылған күні: 28.01.2021 11:32

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст