АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

WORLDSKILLS бойынша оқыту семинары

2020 жылдың қазан айында Ақмола облысы бойынша «Талап» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен ZOOM платформасында WORLDSKILLS кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу аясында сарапшыларды оқыту бойынша семинар өтті. Семинарда Worldskills ережесі, ұйымдастырушылық іс-шаралар, СIS бағалау жүйесі бойынша қосымша ақпараттар таныстырылып, нұсқаулықтар берілді. Семинар барысында Есдаулетова Атыркүл Алғатайқызы Worldskills чемпионатының қабылданған соңғы ережесіне және Гасимов Ренат Гаптулханұлы СIS бағалау жүйесіне кеңірек тоқталып өтті. Аталмыш семинарға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары А.Смаилова, С.Әмірова, Г.Әміржанова, Е.Хамзин, Қ.Мұқышева, Б.Батанасова, О.Сагидолда, Ә.Шайрахметова, М.Құрметқызы, С.Абдрахманова, Б.Азбергенова, С.Садвакасова, Е.Ғалымжан қатысып, сертификаттарға ие болды. Worldskills қозғалысын дамыту департаментінің бас менеджерлеріне алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта да осындай танымдық бағыттағы оқыту семинарлары өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Жаңартылған күні: 20.10.2020 11:40
Құрылған күні: 30.10.2020 10:06

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст