АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша WorldSkills-2021 колледжішілік байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша ZOOM платформасы арқылы «WorldSkills – 2021» колледжішілік онлайн чемпионаты өтті. Чемпионатқа Мектепке дейінгі бөлімінен МД-21 тобының студенттері Жадрина Айымгуль, Байдүйсен Айдана, МД-31 тобының студенттері Қалымсеит Ақбаян, Айкешова Шахеризада, Теміртас Назым, МД-32ҚБ тобының студенттері Сержанова Ақнұр, Шектібаева Нұргүл қатысты. Чемпионат 3 модуль бойынша ұйымдастырылды. Олар:
1. А модулі: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу»;
2. В модулі. «Мектеп жасына дейінгі балалармен күннің екінші жартысында әңгіме жүргізу»;
3. С модулі. «Мектепке дейінгі жастағы балалармен АКТ жабдықтарын пайдалана отырып дидактикалық ойын ұйымдастырып өткізу».
Чемпионат қатысушыларының дайындығы жоғары деңгейде болды. Модульдер бойынша бөлім оқытушылары қатысушыларға бағыт-бағдар берді. Сарапшылар құрамында Мектепке дейінгі бөлім меңгерушісі С.А.Амирова, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.С.Мұқышева және мектепке дейінгі республикалық әдістемелік орталық меңгерушісі А.Т.Смаилова және техникалық сарапшы ретінде мектепке дейінгі бөлім оқытушысы М.Құрметқызы, жетекшілері Мектепке дейінгі бөлім оқытушылары И.С.Серікбай және Г.Т.Балдыкова қатысты.
Чемпионатқа еріктілер тобы ретінде Мектепке дейінгі бөлімнің I курс студенттері алынды.
Жаңартылған күні: 28.01.2021 11:33
Құрылған күні: 28.01.2021 14:06

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст