2024 жылдың 17 сәуірінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Worldskills Aqmola – 2024» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «Бастауыш мектеп» бөлімінің IV курс студенті Әшірбаева Назерке Нұрғалиқызы білім бәйгесіне қатысуда.
«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша келесі модульдерде тапсырмалар орындайды:
А модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, 3-сыныпта оқу пәндерінің бірі бойынша («Математика», «Дүниетану») сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу (жаңа білімді ашу кезеңі);
В модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, бағыттардың бірі (эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбие) және тәрбие нысаны бойынша сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
С модулі. Тәрбиенің бір бағыты бойынша білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру үшін жоба паспортын әзірлеу (интернетсіз);
D модулі. Мұғалімнің жеке сайтын құру.
Чемпионатта кәсіби дағдыларын көрсетіп, ережеге сәйкес белгіленген регламент аралығында арнайы тапсырмалар орындайды.
Қатысушымызға білім бәйгесінде сәттілік тілейміз!