Ақпанның 13 жұлдызында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» атты эссе байқауы өтті.
Эссе байқауының мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу құндылықтарын насихаттау, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару.
Эссе байқауына Ағылшын бөлімінің ІІ курс студенттері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты пікірлерін білдіріп, байқаудың әділ қазылар алқасына эсселерін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша, Дарбаева Мерей І орын, Шамен Алуа ІІ орын, Зейнолла Ернар ІІІ орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.