АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша аймақтық кезең жеңімпаздары анықталды!

2021 жылдың 5-7 cәуір аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша өткізілген «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. 5 модуль бойынша сынға түскен қатысушылар сайысқа жоғары дайындықпен келгендігін байқатты. Ұлттық чемпионаттың аймақтық кезеңіне аталған құзіреттілік бойынша 5 үміткер қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде, барлық кезең бойынша өз шеберлігін таныта білген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Иват Үмітгүл І орын, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің студенті Нұрмағамбетова Нұрсұлу Бауыржанқызы ІІ орын иеленді. Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Калижанова Жадыра Асқарқызына, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Осина Виолеттаға, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенті Калиновская Алина Витальевнаға чемпионат барысында көрсеткен жоғары деңгейдегі дайындықтары мен шеберліктері үшін Алғыс жарияланды. Жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
Аймақтық кезең жеңімпазы «Worldskills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Жаңартылған күні: 08.04.2021 14:43
Құрылған күні: 09.04.2021 17:13

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст