Текст
2025 жылдың 2 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 01140200 «Музыкалық білім беру», 4S01140201 «Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алатын IV курс, яғни М-41 тобының студенттерінің қорытынды аттестаттау емтихандары басталды. Алғашқы қорытынды аттестаттау емтиханы педагогика және психология пәндерінен кешенді тест тапсырды. Дипломдық жобаны сәтті қорғады. Алдағы М-41 тобының студенттеріне демонстрациялық емтиханды және шығармашылық емтиханды сәтті тапсыруларына тілектеспіз!