Текст
2024 жылдың 29 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті. Колледж ұжымы семинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы ақпарат алды.