АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS – 2021» колледжішілік байқауының ашылу салтанаты өтті

2021 жылдың 26 қаңтар күні бүгінгі болашақ мамандардың кәсіби деңгейлерін көтеру және біліктілігін арттыру мақсатында, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ZOOM платформасы арқылы «WORLDSKILLS – 2021» аймақтық чемпионатқа қатысушыларды іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Іріктеу «WORLDSKILLS – 2021» жастар арасындағы «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш сыныптарды оқыту», «Мектептегі музыканы оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Информатика мұғалімі» құзыреттіліктері бойынша өтеді.
Салтанатты кеш Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлының алғы сөзімен ашылды. Қазіргі болашақ маман білімді, ізгі, келер ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жаңа технологияларды шеберлікпен қолдана білетін кәсіби шебер маман болу қажеттігі және бәсекеге барынша қабілетті даяр маман болып қалыптасуына колледж тарапынан барынша мүмкіндіктер жасалғандығын атап өтті. Республикалық WORLDSKILLS –2019 чемпионатының «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі», «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша Маджитова Лаура және Шарипова Әйгерім бүгінгі қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
Ашылу салтанатында апта бойы өткізілетін колледжішілік іріктеу байқауының өткізілу реті таныстырылды.
Қатысушыларға колледжішілік байқаудан сүрінбей өтіп, «WORLDSKILLS – 2021» аймақтық чемпионатына жолдама алуларына тілектестік білдіре отырып, сәттілік тілейміз!
Жаңартылған күні: 27.01.2021 10:03
Құрылған күні: 28.01.2021 11:26

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст