АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды!

2021 жылдың 5-7 cәуір аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша өткізілген «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. 5 модуль бойынша сынға түскен қатысушылар сайысқа жоғары дайындықпен келгендігін байқатты. Ұлттық чемпионаттың аймақтық кезеңіне аталған құзіреттілік бойынша 5 үміткер қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде, барлық кезең бойынша өз шеберлігін танытып, оқ бойы алда болған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Дондық Құндыз Мұратқызы І орын, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенті Терещенко Мария Викторовна жүлделі ІІ орын иеленді. Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Хавдалгалам Батиза, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Бортникова Анжелика Олеговна, «Мақсат» колледж» мекемесінің студенті Панкеева Яна Александровнаға шеберлік чемпионатындағы көрсеткен өнерлері үшін Алғыс жарияланды. Жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
Аймақтық кезең жеңімпазы «Worldskills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Жаңартылған күні: 08.04.2021 14:38
Құрылған күні: 08.04.2021 14:38

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст