АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Worldskills Aqmola – 2023» аймақтық чемпионаты

Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні «Worldskills Aqmola – 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде.  Білім жарысында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша  ІІІ курс студенті Койкенова Айгүл Серікқызы бақ сынаса,   «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша  ІІІ курс студенті Әшірбаева Назерке Нұрғалиқызы кәсіби қарым-қабілетін танытуда. Қатысушылар 4 модульден тұратын білім бәйгесінде өздерінің білік-дағдыларын барынша көрсетіп отыр.
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша: 
Модуль 1. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу»;
Модуль 2. «Ата-аналармен (заңды өкілдермен) және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу»;
Модуль 3. «Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және физикалық дамуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру»;
Модуль 4. «Тәрбиешінің сайтын құру».
Ал «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігінде келесі модульдер бойынша тапсырмалар орындалуда:
А Модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда оқу пәндерінің бірі бойынша сабақ фрагментін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу;
В Модулі. Оқу пәндерінің бірі бойынша нақты тақырыпты игеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқу тапсырмаларын әзірлеу және көрсету;
С Модулі. Мұғалімнің жеке сайтын құру;
Д Модулі: Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыттағы сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеу және өткізу.
Чемпионатқа қатысушы студенттер өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетіп, ережеге сәйкес белгіленген регламент аралығында арнайы тапсырмалар орындайды.  Бұл кезеңдерден мүдірмей өту жастардың жан-жақты дамуына кепілдік береді. Қатысушыларға толағай табыс пен таудай бақ тілейміз! Сәттілік серік болсын!
Жаңартылған күні: 24.04.2023 13:47
Құрылған күні: 26.04.2023 11:22

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст