АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілген мемлекеттік қызметтер әртүрлі сала бойынша, оның ішінде, отбасында тәрбиелеу (қорғаншылық және қамқоршылық, асырап алу, патронаттық тәрбие), білім алу, бос уақытты және т.б. құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенттердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Өз құзыретінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізеді, жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсетудің 6 түрі бекітілді:
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру»
3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау туралы»
4. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру»
5. «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
6. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»
2017 жылы 27 шілдеде №357 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсетудің қосымша 2 түрі бекітілді:
1. Білім беру ұйымдарын да білім алушыларға академиялық демалыс беру
2. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»
Колледжде жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» бойынша - 410 қызмет көрсетілді;
2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру» - 21 қызмет көрсетілді;
3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы» - 10 қызмет көрсетілді;
4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау туралы» - 12 қызмет көрсетілді;
5. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» - 2 қызмет көрсетілді;
6. «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 332 қызмет көрсетілді;
7. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» - 15 қызмет көрсетілді.
8. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 0
2019 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес колледжде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылатынын атап өткен жөн.
Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет берушілер тарапынан БАҚ, колледж сайтында, интернет-ресурстарының құралдары арқылы беріледі. Колледждің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған.
Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында колледждің 8-7162-72-13-46 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда.
Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, мәжіліс, дөңгелек үстел, ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері) түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіледі.
Колледж тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар белгіленген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болуы қадағаланады және сапасының мониторингі жүргізіледі.
2019 жылы колледж мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жоқ.
Бүгінгі күні колледж мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету және жақсарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімді және сапасының ажырамас бөлігі болып табылатын білім беру жүйесін модернизациялау бойынша жұмыс жүргізеді.
2020 жылы колледж ұйымдары жеке және заңды тұлғаларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.