2025 жылдың 3 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 5АВ01120101 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша білім алатын ІV курс, яғни МД-42ҚБ тобы студенттерінің алғашқы қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтиханы басталды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау унииверситеті «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты Тилеубаева Назгул Найзабековна және «Алтынбала» балабақшасының меңгерушісі Маженова Жұпар Қадырқызы қатысты. Бітіруші МД-42ҚБ тобының студенттеріне алдағы дипломдық жобаны қорғау және демонстрациялық емтиханды сәтті тапсыруларына тілектеспіз!