АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АҚТЫҚ КЕЗЕҢІ

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты аяқталуға жақын. Білім аламанына қатысып отырған дарындылардың көзінде жеңіске деген үміті зор. Ақтық кезеңде қатысушылар «Мектеп жасына дейінгі балалармен іс-әрекеттің және қарым-қатынастың әр түрін ұйымдастыру» және «Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы мен денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» D Модулі бойынша сайысу үстінде. Негізгі мақсат – дәстүрлі және дәстүрлі емес шынықтыру әдістерін қолдана отырып, ұйқыдан кейін қуаттандыратын гимнастика кешенін өткізу қабілетін көрсету. Бұл кезеңде барлығы өз жобаларын ағылшын тілінде қорғауы тиіс. Айта кету керек, жас таланттар сайысының қорытындысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында белгілі болмақ.
 
Жаңартылған күні: 12.11.2021 14:25
Құрылған күні: 12.11.2021 14:25

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст