АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ҚЫЗА ТҮСТІ

2021 жылдың 11 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатындағы бәсеке қарқын алды. Жүзден жүйрік, мыңнан озық болғысы келетін жас таланттар біріне-бірі дес берер емес. Кезекті сайыста қатысушылар «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу» В Модулі бойынша бақ сынауда. Бекітілген тапсырмаға сәйкес дарындылар танымдық даму бойынша интеграцияланған ұйымдастырылған оқу қызметін әзірлеп өткізуі қажет. Бұл міндетті түрде виртуалды экскурсия мен робототехникаға байланысты болуы шарт. Сәттілік серік болсын!
 
Жаңартылған күні: 12.11.2021 09:31
Құрылған күні: 12.11.2021 09:31

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст