Текст
2021 жылдың 10 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты қызу жалғасып жатыр. Дарындылар өздерінің білімдерін, қарым-қабілеттерін жан-жақты дәлелдеуде. Қарқын алған білім аламанында қатысушылар «Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу» А Модулі бойынша бақ сынауда. Негізгі мақсат – балалардың шағын тобымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін әзірлеу және талапқа сай өткізу. «Арыстан мен тышқан» қазақ халық ертегісіне орай тапсырма орындап, дидактикалық ойындарды, АКТ құралдарын ұйымдастырылған оқу қызметінде сәтті жүзеге асыру көзделеді.