Текст
2025 жылдың 4 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде “Информатика” бөлімінің IV курс, И-42 ҚБ тобының студенттері демонстрациялық емтиханның А модулін тапсырды. Негізгі мақсат - оқыған білімдерін теория мен практикада ұштастырып, құзыреттіліктерін тексеріп бағалау. Сабақ беру үрдісінде білім алушылар сабақ мақсатына жету үшін АКТ құралдары мен интербелсенді тақтаның мүмкіншіліктерін барынша жоғары деңгейде пайдаланды.