АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Информатика мұғалімі» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауы өткізілді

2021 жылдың 28 қаңтар күні колледж базасында «Информатика мұғалімі» құзіреттілігі бойынша I колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауы өткізілді. ZOOM платформасы арқылы өткізілген байқау үш кезеңнен құралды.
1-тапсырма: Модуль А. Электрондық портфолио құру.
2-тапсырма: Модуль В. Жалпы орта білім алушылар үшін информатика пәні бойынша орта буын оқушыларына арналған оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу.
3-тапсырма: Модуль Е. Педагогикалық жағдаятты шешу байқауы.
4-тапсырма: Модуль С. Компьютерлік графика.
Колледжішілік «WorldSkills – 2021» байқауына И-21 тобынан Алькенов Данекер, Базарбай Ілияс, Ермек Толқын, И-31 тобынан Алагузова Іңкәр, Аманжолқызы Жанна, Қабылқай Рахат, Маратқызы Гүлсім, Сауан Айдана қатысты.
Байқауға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, Информатика бөлімінің меңгерушісі А.Қалменбай, Информатика кафедрасының оқытушылары Д.Утебаева, С.Садвакасова, А.Мендібаева, педагогика пәнінің оқытушысы Б.Азбергенова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Каппас қатысты. Әр қатысушыға алғысымызды білдіреміз. Жүлделі орындар жабылу салтанатында жарияланады.
 
Жаңартылған күні: 02.02.2021 10:58
Құрылған күні: 02.02.2021 10:58

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст