АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills – 2021» колледжішілік жарысы өтті

WorldSkills қозғалысы дәстүрлі кәсіптерден бастап көпсалалы технологиялық мансапқа дейінгі жастардың кәсіби шеберліктерін арттыруға бағытталған. WorldSkills чемпионаты - жас мамандарды, колледждер мен ЖОО студенттерін, әр түрлі саланың мамандарын, тәлімгерлер мен сарапшыларды біріктіретін танымал іс-шара.
Колледжімізде өткізілген байқауға дене мәдениеті бөлімінің белсенді студенттері Рымхан Әмина, Амирсанин Сағындық Жаманбайұлы, Шияпов Жасұлан Бауржанұлы, Балташ Шыңғыс Жанатұлы, Ордабай Жеңіс Болатұлы, Егімбеков Дамир Ринатұлы, Серікбай Саин Қалибекұлы, Серікбай Саян Қалибекұлы қатысты. Жарыс ережесіне сай «WorldSkills – 2021» конкурсы төмендегі модульдар бойынша өткізілді:
Модуль A. Электрондық портфолио құру және ағылшын тілінде қорғау.
Модуль В. "Мен-дене шынықтыру пәнінің мұғалімімін" мастер - классын әзірлеу және өткізу».
Модуль E. Жалпы орта білім алушылар үшін дене тәрбиесі пәні бойынша орта буын оқушыларына арналған оқу сабағының ( жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу.
Модуль С Дене шынықтыру саласындағы қосымша білім беру бағдарламалары бойынша сабақтан тыс жұмыстар мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.
Модуль D Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бойынша педагогикалық жағдаятты шешу.
Дене мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Сағидолда Орынбек Мамиұлы, кафедра меңгерушісі Садвакасов Айбек Серікұлы, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Көке Асылбек Қабайұлы мен педагог-сарапшы Хамзин Елебек Советұлы «WorldSkills – 2021» колледжішілік «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша конкурстың нәтижесін қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады.
Сайыс барысында көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
 
Жаңартылған күні: 02.02.2021 11:15
Құрылған күні: 02.02.2021 11:15

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст