АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Тарихы

Тарих тағылымы (колледж тарихынан)

1920 жылы Кеңес Одағында жергілікті ағарту бөлімдерінің жанында сауатсыздықты жою жөнінде комиссиялар құрылған болатын. Олар халықтың сауатын ашу курстары мен мектептерді ұйымдастыру, педагог кадрларды даярлау, көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.  

Көкшетаудың зиялы қауым өкілдері аталмыш бастамадан тыс қалмай Бұқпа тауынының бөктерінде 1922 жылы алғаш рет педагогикалық курс ұйымдастырды. Көкшедегі алғашқы кәсіби білім ордасы жайлы мұрағат материалдарында мынадай деректер кездеседі: «В городе имеется педагогический техникум, есть 5 отделений, из них которых одно отделение полностью киргизское (казахское). Всего преподавателей 13, учащихся 151, из них киргизов 27» (Ф-76, хр 573)

Аталмыш курс 1924 жылдан 1932 жылға дейін педагогика техникумы болып өзгертілсе, 1928 жылы педагогикалық техникум Ақмола қаласына көшіріледі. 1932 жылы Ақмоладан оқу орны қайтадан Көкшетауға ауыстырылады. Орыс топтары Щучье қаласына жіберіліп, Көкшетауда қазақ топтары қалады.

1932 жылдан бастап Көкшетау қазақ педагогикалық училищесі ретінде қайта құрылады. Орталық Партия Комитетінің Пленумы ұсынған Тың игеру идеясының іске асырылуына орай, Кеңес Одағының жүргізген кеңестік теріс саясатының әсерінен 1955 жылы қазақ елінің білімі мен мәдениетіне зор үлесін қосып келе жатқан училище жабылып, оқытушылар мен оқушылар құрамы таратылып жіберіледі.

ХХ ғасырдың басында халыққа білім сәулесін шашып, қараңғы түнде ай сәулесіндей болған оқу ордасының қиындығы мен ауыртпалығын көтеріп, басшылық жасаған алғашқы директоры Благонравов деген азамат болған, 1935-1937 жылдар аралығында бұл қызметті К.Есембаев атқарған. Ұлттық кадрларды жүйелі түрде ылғи да саяси қудалауға алып, әсіресе, 1937-1938 жылдардағы оның ең белсенді және кемел бөлігін репрессиялау саясаты жүргізілген жылдары оқу орнының басшысы К.Есембаев, оқытушы Телпекбаев халық жауы деп ұсынылды, 1938-1939 жылдары училище директоры болып Акчурин Ескендір Мұсаұлы тағайындалды. 1940-1941 жылдарда директор Елеусізов Сейітжан, 1941 жылы Нұғыманов деген азамат тағайындалды, бірақ, халық басына қара бұлт үйіріліп, соғыс өрті шарпыған жылдарда өзінің азаматтық парызын өтеу үшін 1942 жылы майдан шебіне аттанды. Соғыс жылдары Жантөрин, Оспанов Нұрәли деген азаматтар оқу орнына басшылық жасай отырып, оқу ордасының дамуына өзіндік үлестерін қосады. Елде бейбіт заман орнаған кезде 1947 жылдан бастап Көкебаев Қайрош Көкебайұлы басшылық қызметін атқарған.

Кеңес Одағы бойынша 1930 жылы жаппай міндетті бастауыш білім беру реформасы жүргізілді. Солтүстік өңірде аталмыш реформаның өміршең болып, халықтың сауаттылығының артуына, Көкшетау қазақ педагогикалық училищесі түлектерінің жасаған еңбектері орасан. Солардың ішінде ел тағдырына етене араласып, ұлт болашағына еңбек еткен азаматтар деп: Баян Жанғалов, Жанайдар Мусин, Әбділдә Дүйсенов, Бота Құсайынов, Мәди Хасенов, Тоқтар Көбенов, Қайролла Балтағарин, Бегайдар Зейнуллин, Жағыпар Мусин, Ескен Батыров, Мәриәм Шайхисламова сияқты педучилище түлектерін атауға болады.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы – қазақ тарихында бұдан бұрын орын алған тамыры, өзара сабақтас оқиғалардың логикалық жалғасы, кезекті табиғи көрінісі. Анығырақ айтқанда, ол – қазақ халқының империялық отарлық езгіге қарсы азаматттық күресінің, тәуелсіздікке деген танымсыз ұмтылысының табиғи жалғасы еді. 1986 жылғы қозғалыс жаңа, ұлы бастама еді. Ол ұлттың жаңаша ойлануына, жаңа көзқарастарының өмірге келуіне түрткі болды. Осы ұлы бастама қазақ халқының ұлттық сана сезімдерінің, рухани құндылықтарының оянуына әкеліп соқты. 1986-1989 жылдары қазақ халқының арасында өзінің жылдар бойы жоғалтқан ана тіліне, діліне деген серпіліс жаңа көзқарас пайда болды. Ата-аналар арасында өз бөбектерінің ана тілінде сөйлеуіне деген қызығушылықтарының пайда болуына түрткі болды. Осыған орай, жеткіншек буында ана тілінде білім беретін кәсіби педагог мамандарға деген сұраныс арта түсті.

1955 жылы жабылып қалған педагогикалық училищені қайта ашу жөніндегі игі бастаманы елдің зиялы қауымы, ұлт жанашырлары, ақын Е.Мырзахметов, Қазақстан Республикасы ақындар одағының сол кездегі президенті К.Шәкеев, ақын, жазушы Т.Қажыбаев, облыстық «Көкшетау» газетінің редакторы, жазушы Ж.Мусин, дербес «Оқжетпес» газетінің редакторы Н.Ысқақов, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы О.Ахметов көтеріп, Үкімет Жоғарыға Кеңес депутаттарынан қолдау тапты. Көкшетау облыстық кеңесінің 1990 жылдың 5 маусымындағы № 1212 қаулысына сәйкес Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің 1990 жылғы 15 маусымдағы № 341 бұйрығымен Көкшетау қазақ педагогикалық училищесі болып қайта ашылды. Оқу орны алғаш рет бухгалтерлер дайындайтын мектеп ғимаратының 4-қабатында орналасады. Оқу орны 1995 жылдан бастап колледждік білім жүйесіне көшті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру» қаулысына сәйкес 1996 жылы 12 шілдеде осы оқу орнының ашылуына тікелей атсалысқан белгілі қоғам қайратері, жазушы, Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің есімі берілді.

Колледж 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ретінде Ақмола облыстық білім басқармасына қарады. Колледжде бүгінде барлығы 105 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 54 оқытушы жоғары және І санатты, 38 оқытушы ІІ санатты, 2 филология ғылымдарының кандидаты, 49 магистр, 14 магистрант білім береді.

Колледждің алғашқы директоры қызметін, Көкшетау облыстық партия комитетінде лауазымды қызметтер атқарған іскер басшы, білікті маман, ұлтжанды азамат Мұрат Ідірісұлы Ідірісов атқарды (1991-1993 жж).

Училище директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін Щучье педучилищесінде 5 жыл тәжірибе жинақтаған білікті маман Ө.Ш.Төлегенов атқарды (1991-1992 жж)

1992 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Гүлнар Зарқымбекқызы Исабекова тағайындалды. 1993 жылы Ахат Нұртас Ахатұлы атқарды. 1993 жылы ущилище директоры М.І.Ідірісовтің мәдениет басқармасының бастығы қызметіне ауысуына байланысты училище директоры болып Н.А.Ахат тағайындалды.

Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарғандар: 1993-2005 жж. А.Ж.Қабдешқызы, 2005-2009 жж. Т.Б.Сәбитова, 2009-2010 жж. К.Т.Қалиева, бүгінде Т.Б.Сәбитова басқарып келеді.

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарғандар: 1990-1992 жылдарда Н.А.Ахат, 1992-1993 жж. О.Ш.Төлегенов, 1993-1997 жж. А.Н.Нұрмағанбетова, 1997-1998 жж. Ғ.Е.Омар, 1998-1999 жж. Қ.Шаймерденова, 1999-2000 жж. Ж.Кәрімов, 2000-2009 жж.Ә.К.Сембаева, 2009-2014 жж. Б.Т.Таткенов, 2014 ж. А.С.Айтен, 2014-2015 жж. А.Г.Рахым, 2015-2017 жж. Е.Дәдібас, 2017-2018 жж. Ә.З.Заманбекова, бүгінде С.Қ.Балтабаев басқарып келеді.

Директордың практика жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарғандар: 1990-1991 жж. Д.Қ.Әубәкірова, 1991-2008 жж. А.Б.Жанәділ, 2008-2010 жж. А.Қ.Бабаева, 2010-2015 жж. Ә.К.Сембаева, 2015-2016 жж. А.К.Назарова, 2016-2017 жж. Е.Б.Бегайдаров, бүгінде Қ.С.Мұқышева басқарып келеді.

Шәкірттің білімі мен тәрбиесі – ортақ ұғым. Ал енді «Осы ұғымды астастырып, үнемі үйлестіріп отыруға кез келген педагогикалық ұжым қол жеткізіп отыр ма?» деген сауалға көз жұмып, бір деңгейде жауап беру оңай емес. Бұл нәтижеге егемен еліміздің өркениетті бағытын дамыту жолында өзінше ізденіп, уақыт талабына сай жұмыс атқарып отырған ұжым жете алары анық.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған колледж ұжымының тынымсыз қажырлы еңбегінің арқасында колледжіміз білім әлемінің биік белесінен көрініп, болашақ кәсіби құзыретті мамандар даярлауға өңірдегі оқу орындарының алдыңғы қатарынан көрінуде.

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:37
Құрылған күні: 06.03.2019 12:34

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст