АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» аймақтық чемпионаты өтуде

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өтуде. 2021 жылдың 6 cәуір күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша қатысушылар чемпионаттың І және ІІ кезеңінен өтті. Атап айтсақ, А модулі: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу», «Таным», «Әлеуметтік» білім саласы негізінде; В модулі: Көркем-эстетикалық даму. «Коммуникация» білім беру саласы, «Көркем әдебиет» бөлімі бойынша ертегіні сахналау.
«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «Мен жаңа формация мұғалімімін» тақырыбында электронды портфолио құру және бастауыш 2–сынып жаратылыстану пәні негізінде оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу бойынша сынға түсті. Сонымен қатар, «Педагогикалық жағдаятты шешу» кезеңінде өз шеберліктерін танытты.
Аймақтық чемпионат бағдарламасына сәйкес қатысушылар ертеңгі күні де қалған кезеңдер бойынша сынға түспек.
 
Жаңартылған күні: 07.04.2021 09:37
Құрылған күні: 07.04.2021 09:37

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст