АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті

2021 жылдың 5 cәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттіліктері бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Ахат Нұртас Ахатұлы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыста батыл болуға, намысты қолдан бермеуге, барынша тырысуға жігерлендірді. Ақмола облысы Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Жүнісова Асыл Есмағзиевна ашылу салтанатында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара 5 кезең бойынша өткізіледі. 5-7 сәуір аралығында қатысушылар өзара бақ сынасып, жеңімпаздар анықталмақ.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңартылған күні: 07.04.2021 09:31
Құрылған күні: 07.04.2021 09:31

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст