Текст
27 қаңтар Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде филология бөлімінің ұйымдастыруымен колледж түлегі Молдағазы Ұйымбекұлының «Шаңырақ» атты алғашқы жыр жинағының тұсаукесері өтті. Алғашқы сөз кезегі колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА Корреспондент мүшесі Нұртас Ахатұлына берілді. Кітаптың алғы сөзін жазған ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При жүлдесінің иегері Алмас Темірбай сөз сөйлеп, филология бөлімінің студенттері Молдағазы Ұйымбекұлының өлеңдерінен үзінді оқып, баяндама жасады. Тұсаукесерге ақынның достары, туыстары және Көкшетау қаласының жас ақындары қатысты.