АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
27 мамыр күнгі мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың білім саласында жүргізілетін жұмыстар туралы мәлімдемесіне ПІКІР:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің мәлімдемесінде көптеген жақсы жаңалықтарымен бөлісті. Ең негізгі – адам капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесінің қажеттілігіне тоқталды. Ол – білім беру саласы. Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын жетілдіру, 2025 жылға қарай 11 мың орынға арналған 100-ден аса интернат салу қажеттілігі - қазіргі уақытта мемлекет қамқорлығы деп білемін. Бұл – өз өңіріміздің еңбек нарығының қажеттілігін ескеріп, түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге мол мүмкіндік беретіні белгілі.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына назар аударылуы қуантады. Қолына дипломын алған жас маманның кез келген еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бірақ, бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру.
Шағын жинақты мектептердегі оқу – тәрбие үдерісінің тиісті дәрежеде жүргізілуі біріншіден, оның материалдық – техникалық базасына, екіншіден, мұғалімдердің біліктілігіне, үшіншіден, біріктірілген сыныптардың санына байланысты. Осы тұрғыда шағын жинақталған мектептердің мәселесін көтеру өте орнықты. Ауыл мектептерін бәсекеге қабілетті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету – педагогикалық оқу орындарының басты мақсаты. Қазір ауылдарда бір мұғалім үш-төрт пәннен сабақ беретінін дұрыс атап кетті. Ауыл мектептері мен қала мектептерін білім сапасын деңгейін теңестіруге байланысты жақсы мәселе көтерілді. Елді мекендегі мектептерді интернетпен қамту мәселелері назардан тыс қалмаса дейміз.
WorldSkills құзыреттіліктерін білім бағдарламаларына енгізу - біздің алдымызда тұрған басты мақсат. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «WorldSkills стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандарды өткізетін техникалық және технологиялық бейіндегі мемлекеттік колледждердің үлесін 100%-ға жеткізу, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанынан балаларға Soft Skills және World Skills дағдыларын үйрету үшін үйірмелер, студиялар, шеберханалар, зертханалар ашу мәселесі пысықталатын болады» - делінген. Аталған чемпионат білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады.
Әріптес ұстаздарымыздың қашықтан оқыту бойынша «Балапан», «Ел арна» телеарналарынан берілген бейнесабақтары төтенше кезінде мектеп оқушылар үшін тиімді болды. Бүгінде қоғамның дамуы өмірдің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу болғандықтан, болашақ мамандарды сапалы сандық білім беру жүйесімен толық қамтамасыз еткеніміз абзал. Қашықтан оқыту жүйесінің әдіс-тәсілдерін білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына өзгеріс енгізу – басты міндетіміз. Болашақта осы міндеттерді жүзеге асыруда тиімді жақтарын жетілдіру қажетпіз. Пандемия кезінде студенттеріміз кәсіптік практикадан өтуде «Балапан», «Ел арна» телеарналарынан берілген бейнесабақтарды тамашалап, сабақтарға бақылау талдау жасалынды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұжымдарда мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады. Осы мақсатта мектепке дейінгі мекемелерде 3 пен 6 жастағы балаларды қамту туралы ұсынысы өте орынды. Мемлекет басшысы кәсіптік бағдар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде «Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласын» толыққанды енгізу туралы ұсынысы қазіргі таңда өзекті деуге болады.
«Коронавирус індеті жұмыс тәртібімізге елеулі өзгеріс енгізді. Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл індет - өте қауіпті. Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті», – деді мемлекет басшысы өзінің мәлімдемесінде.
Бұл - қазіргі қиын кезеңде білім саласына мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық және өте үлкен қолдау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесінен ынтымақтың арқасында аталған міндеттемелерді жүзеге асыруда колледж оқытушылары өз үлестерін қосып келеді.
Біз, педагогикалық ұжым, еліміздің жарқын болашағына сенім артып, болашақ мамандарды даярлау жолында еңбегіміз одан әрі жалғасын таба бермек.
Мұқышева Қаракөз Серікқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі