АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

05 наурыз күні БМ-41 тобының студенттері арасында өндірістік диплом алдындағы практика бойынша қорытынды конференция өтті.

09.03.2020


Конференция БМ-41 тобының студенттерінің және колледж оқытушыларының қатысуымен жүргізілді. Директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қаракөз Серікқызы, бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі Толғанай Нұрбекқызы, педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедра жетекшісі Гульмира Қайыржанқызы және педагогика пәнінің оқытушысы Балкүміс Байжанқызы қатысып, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Әр студент практика бойынша портфолио бумалары мен алғыс хаттарын дайындау арқылы даярлық жұмыстарын жүргізді.
Конференцияның мақсаты: Өндірістік диплом алдындағы практика барысында студенттердің ұйымдастырушылық іс-әрекеттерін сапаландыру, кездескен қиындықтарды талқылап, оны болдырмау жолдарын іздеу, білікті ұстаздармен тәжірибе алмасу болды.
Конференция барысында коммуникативті, сөздік, пікір алмасу, сұрақ-жауап, SWOT талдау сияқты түрлі әдістер қолданылып, іс тәжірибеде қиындық тудырған сұрақтар талқыланды. Пікір алмасу арқылы студенттер практиканың мықты және әлсіз тұстарын анықтай білді. Студенттер мұғалімдікке бір-ақ қадам қалғанын көрсетіп, жағдаяттарды шешіп, тәжірибелі ұстаздардан алған өнегесін көрсете алды. Іс-тәжірибе барысында жиған-терген білімі арқылы жоғары нәтиже көрсетіп, мектепішілік іс-шараларға қатысып, сынып жетекшісінің барлық ауыртпалығын көтеріп, ерекше көзге көрінген студенттер марапатаулар мен алғыс хаттарға ие болды.
Конференция барысында ауылдық жерде іс-тәжірибе өткен студенттер материалдық базаның оқу процесіне тигізетін әсері жайлы ойларымен бөлісті. Білім беру жүйесіне енген соңғы жаңалықтар бойынша болашақ оқытушылардың көзқарасы «SWOT талдау» әдісі арқылы анықталды.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.03.2020 13:32
Құрылған күні: 12.03.2020 15:11

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст