Текст
7 ақпан күні Ақмола облысы Білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім берудің заманауи жағдайындағы шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мен дамуының өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар-практикумда Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінен музыка пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, композитор Құрмет Сақай, жас маман Асхар Бауыржан шеберлік сабақтарын көрсетті. Шеберлік сабағы жоғарғы деңгейде өтті деп бағаланып, сертификаттармен марапатталды.