АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ұстаз болу – күллі әлемге білім мен тәрбиенің нұрын шашу» атты диплом алды практикасының қорытындысы

07.03.2019

       Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде филология бөлімі ФБ-41,42 топтарының «Ұстаз болу – күллі әлемге білім мен тәрбиенің нұрын шашу» атты диплом алды практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева және филология бөлімінің оқытушылары, әдіскерлер қатысты. Конференцияның мақсаты – студенттердің диплом алды практика барысында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісу. Осы мақсатта филология бөлімінің 41,42 топ студенттері 14 қаңтардан 23 ақпан аралығында қаладағы № 1,2,3,6,16,17,18, Дарын, ІТ және алтын бесік ауылымыздың түрлі жерлерінде диплом алды практикадан өтіп, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі» дегендей студенттер үлгі сабақтар беріп, сыныптан тыс жұмыс түрлері көрсетті. Қала, ауыл мектептері, түлектер туралы бейнефильмдер көрсетіліп, диплом алды практикада жинақталған іс-тәжірибе бойынша көрме ұйымдастырылды. Директордың практика жұмысы орынбасары Қ.Мұқышева қорытынды сөз сөйлеу барысында конференцияның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылуының себебі, студенттер жауапкершілікті сезініп, практика әдіскерлерімен бірлесіп тығыз байланыста жұмыс жасағандарының нәтижесі деп білетіндігін айтып, біздің студенттерге сәттілік тіледі.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.03.2019 12:42
Құрылған күні: 13.03.2019 13:07

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст