АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Білім беру ресустарының модернизациясы: тәжірибе және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

24.10.2019

     2019 жылдың 18-19 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білім беру ресустарының модернизациясы: тәжірибе және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым, республикалық оқу-әдістемелік бірлесітігінің әдіскері Ш.Онбасиева қатысушы ретінде, қазақ тілі мен әдебиет әдістемесі пәнінің оқытушысы Т.Жоламанова «Жаңа мазмұнды оқулықтардың жағдайы мен сапалық мәселелері» атты баяндамасымен  қатысып, сертификатқа ие болды.

      Конференцияның мақсаты білім беру ресурстарын жетілдіру, оқулықтардың сапасына қатысты өзекті мәселелерді талдау, тәжірибемен бөлісу және болашағын сараптау болды.

     Конференцияны құттықтау сөзбен «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Омаров Саят Құсайынұлы ашты. Мұнда жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды әзірлеудің өзекті мәселелері бойынша Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі конференцияның ашылуымен құттықтады.

   Келесі кезекте Финляндия елшілігінен келген Кайса Стандиш «Финляндия еліндегі білім беру жүйесінің еркшеліктері» тақырыбында баяндамасын оқыды. Оңтүстік Кореядан келген   Чун-Чон мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры СО Сун сик «Корея елінің білім беру жүйесі мен білім беру саясаты» тақырыбында баяндама жасады.

    Конференцияның пленарлық мәжілісінде 4 панелдік сессия және жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың тұжырымдамасын, мазмұнын талқылау бойынша дөңгелек үстелдер жұмысы жоспарланған. Мұнда оқу әдебиетінің авторлары мен редакторлары, оқу бағдарламаларын әзірлеушілер, мұғалімдер қатысты. Конференцияда жаңа мазмұндағы білім беру жүйесіне қатысты оқулықтардың сапасына байланысты қызу талқылау жүріп, оқулыққа сараптама жасау бойынша тұщымды ақпараттар алдық.

    



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.10.2019 15:03
Құрылған күні: 25.10.2019 14:22

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст