АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН

2024 жылдың 27 мамыр күні  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы,  010101 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша білім алатын ІV курс, яғни МД-41 тобының студенттерінің  қорытынды аттестаттау емтихандары басталды. Қорытынды аттестаттау емтихандарының комиссия мүшелері «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Сексенова Гулмира Саулаубекқызы және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау унииверситеті «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы»  кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты Тилеубаева Назгул Найзабековна қатысты.  Алғашқы қорытынды аттестаттау емтиханы педагогика және психология пәндерінен тест түрінде сәтті тапсырылды.  Бітіруші МД-41 тобының студенттеріне алдағы дипломдық жобаны қорғау және демонстрациялық емтиханды сәтті тапсыруларына тілектеспіз!

Жаңартылған күні: 28.05.2024 17:31
Құрылған күні: 06.06.2024 22:02

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст