КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
23.10.2021
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың 22 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9-сынып оқушыларымен оффлайн форматында кездесу ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – оқушылардың мамандыққа таңдауына бағыт беру. Игі іс-шараны колледждегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі ұйымдастырды. Жалпы қатысқан оқушылар саны – 27. Аталған шарада колледж туралы бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараны колледждегі шетел тілі пәнінің оқытушысы Мактаева Аяжан Ерболқызы мен биология пәнінің оқытушысы Жанар Саршақызы өткізіп, оқушыларда туындаған барлық сауалдарына жауап алуына мүмкіндік жасады.

