АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің 3 курс студенттері сәуір айының 15-нен мамыр айының 11-і аралығында Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әдіскер А.Кажакпарованың жетекшілігімен байқау практикасынан өтті. Іс-тәжірибе барысында студенттер 6-8 сыныптармен жұмыс жасап тіл және әдебиет сабақтарын жүргізді. Аталған мектептің жалпы білім беретін мектептерден ерекшелігі айтарлықтай көп. Іс-тәжірибе барысында студенттер кездескен қиыншылықтарға мойымай әрбір айтылған сынға жауапкершілікпен қарап, болашақ кәсіби маман ретінде өздерін көрсете білді. Қазақ тілінен «Ғылыми ашулар мен жаңалықтар», әдебиет сабағынан «Расул Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» тақырыптарында жақсы сабақ өткізді. Соңғы күні студенттер әдіскермен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен іс-тәжірибені қорытындылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. «Бүгінгі практикант – ертеңгі ұстаз» тақырыбында бұрыш жасады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тіл және әдебиет кафедрасының жетекшісі Мира Сәниқызы мен пән оқытушылары әр студент тарапында жақсы піріклерімен бөлісіп болашақта нағыз кәсіби білікті маман болуларына тілектестік білдірді.