АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЛОГОПЕД МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

13.09.2023

2023 жылдың 24 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Логопед мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум өтті. Негізгі мақсат – логопед мамандарды даярлауда кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарының ғылыми-теориялық негізін түсіндіре отырып, тәжірибемен бөлісу. Аталмыш іс-шара барысында төмендегі міндеттер басты назарға алынды:

1) Білім беру жүйесін саралау арқылы логопед мамандарды даярлаудың тиімді жолдарын айқындау;

2) М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Е.Букетов атындағы Қарағанды университетімен бірлесе жұмыс атқару іс-тәжірибесі негізінде логопедия бағдарламаларының енгізілу мәселелерін сараптау;

3) құзыретті логопед-мамандар даярлаудың ғылыми теориялық, әдіснамалық мәселелерін талқылау.

​Республикалық іс-шарада ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің мазмұн және әдіснама басқармасының басшысы Ошақбаева Гүлвира Орынтайқызы логопед мамандарды даярлауда кездесетін мәселелерді анықтаудың маңыздылығын баса айтып, заманауи арнайы педагогиканың ғылыми-теориялық, әдіснамалық аспектілерін талқылау қажеттігін алға тартты. Семинар-практикум барысында Ақмола облысы білім басқармасы, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Қоспанова Марал Шарқановна өңірдегі ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар туралы жалпы статистикалық мәліметтермен таныстырды. Аталмыш іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Дударева Марина Александровна және республика бойынша 20-дан астам колледждің мамандары қатысты. Іс-шарада «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде «Логопед» мамандарын даярлаудағы іс-тәжірибе» туралы ақпарат беріп, өткізілген бірқатар жұмыстарды тізіп өтті. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрлері Кельдегулова Айзат Нүркенқызы мен Бекмурзина Айнұр Бейсеновна «Логопед-мұғалімді дайындау – оның болашақ кәсіби қызметінің негізі» тақырыбында, Көкшетау қаласындағы № 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, логопед-мұғалімі Лобурь Светлана Леонидовна «Роль логопеда в современном образовании» тақырыбында баяндама қорғады. Сондай-ақ Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, педагогика және психология пәндерінің оқытушылары, педагог-сарапшылар, педагогика ғылымдарының магистрлері Бекбаул Ләззат Женисбекқызы мен Маули Гулғайым Маулиқызы «Сөйлеу тілі бұзылуын түзетудің және жоюдың педагогикалық тәсілдерін жетілдіру» жолдарын атап көрсетсе, А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі педагогика-психология пәндерінің оқытушысы Қаупенова Альмира Амангелдіқызы «Балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың тәсілдерін» нақтылады. Көкшетау қаласының «Арман» балабақша-бөбекжайының логопед-маманы Саликова Гульбарам Каликолиевна өз баяндамасында «Мектепке дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қызығушылығын арттыруда дамытушы орталықтардың маңыздылығын» баса назар аударды. Өңір орталығындағы «Жұлдыз» балабақшасының логопед-маманы Бейсембаева Самал Аманжолқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің логопед-оқытушысы Абжанова Гүлзира Дәулетбекқызы және «Логопедия» мамандығының III курс студенті Аманбек Нұрсәуле «Телекөпір» орнатып, «Баланың тілін ойын арқылы дамытамыз» тақырыбында тікелей эфирде сабақ процесінен үзінді көрсетті. Көкшетау қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының оқу жұмысы бойынша орынбасары Самосенко Ольга Михайловна «Особенности речевого развития детей специальной школы-интерната» тақырыбында, ал логопед-дефектологы Мазбаева Алмагуль Досымбековна «Логопедический мастер-класс для учащихся с нарушением интеллекта начальной школы» тақырыбында баяндама қорғады. Сонымен қатар Астана қаласының №2 «Батыр» бөбекжай-балабақшасының логопед маманы Искакова Кымбат Нурмукановна «Игровые технологии в работе логопеда» тақырыбында баяндама оқып, ойын технологиясын пайдаланып, мастер-класс көрсетті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, «Білім» бейіні бойынша РОӘБ төрағасы Ахат Нұртас Ахатұлы республикалық семинар-практикум соңында өзекті мәселенің белең алып бара жатқанына орай алға қойылған жұмыстарды мақсатты жүзеге асыру қажет екендігін баса айтты. Іс-шара соңында электронды жүйеде сауалнама алынып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.09.2023 09:35
Құрылған күні: 13.09.2023 09:35

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст