АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Колледж студенттерінің мақалалары

03.03.2017

Отбасы

 

      Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі отбасы – бала тәрбиесінің ең негізгі тірегі. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болмақ. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған.  

Асқарова Көгаршын Әнуарбекқызы  СМД

-31 Ж.Мусин атындағы педколледж студенті.

Бұқпа №7, 2 наурыз 2017 жыл

 

Бала тәрбиесі

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Әр ұлттың қай кезде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесінің алтын бесігі - отбасы. Ата-ана өзінің баласын еңбекқор, елінің камқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып, белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселесін жоспарлап, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап тілектері – баланың әдепті болып өсуі. Отан отбасынан басталса, ұлт тәрбиесі  - бала тәрбиесінен басталады. Көптеген ата-ана өз балаларын балабақша мен мектепке тапсырып қойып, баламыз сенімді қолдарда деп ойлайды. Балалардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын рөлі орасан зор. Бала тәрбиесі, ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға, ең әуелі, білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», -деді. Ата-ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.  

 

 

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі туралы

Облысымызда мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының бірі және бірегейі Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі. Колледж ұжымы өз алдында мықты даму стратегиясын құрып, оқу орнын өркендету жолында аянбай еңбек етуде. Педагогикалық колледж ұстаздары студенттеріне тек білім нәрін сеуіп, қана қоймай, қоғамның әлеуметтік, саяси жағдайын терең түсінетін, азаматтық позициясы бар жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беруде. Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, мазмұнды әрі қызықты өтуіне үнемі көңіл бөліп, шығармашылықты танытып жүрген ұстаздарды атап өткім келеді. Ілиясова Данагүл Нұртайқызы сыртқы бөлім кураторы, Әмірова Сағира Абзалқызы педагогика пәнінің оқытушысы, Мұқышева Нұргүл Серікқызы табиғатпен таныстыру әдістемесі пәнінің оқытушысы, Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызы мәнерлеп оқу, балалар әдебиеті пәнінің оқытушысы. Ж.Мусин атындағы колледжде «Мектепке дейінгі» факультетінде сырттай бөлімде үшінші курсында білім алып жүрмін. Сырттай бөлімде 300 студент білім алуда. Қазіргі кезде №4 «Еркемай»

балабақшасында еңбек етудемін.

Асқарова Көгаршын Әнуарбекқызы

СМД-31 Ж.Мусин атындағы педколледж студенті.

Бұқпа №7, 2 наурыз 2017 жыл

 

Просмотров: 695


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст