Текст
2023 жылдың 21 қараша күні Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «KДМ-LIFE» байқауында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Жас Орда» жастар ісі жөніндегі комитеті жүлделі І орынға ие болды. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттер арасында жастар қозғалысын дамыту, нығайту және ынталандыру, әлеуметтік өмірге белсенді қатысуға қызығушылықтарын арттыру. Арнайы диплом және бағалы сыйлық табыс етілді. Құттықтаймыз!