АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Егемен еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім, ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті кез келген саладағы басшыны да ұстаз тәрбиелейді. Мен – ұстазбын, мен – зерттеушімін, мен - жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін. Аталмыш мамандық иесі атануына себепші болған Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын тілі бөлімінің ұлағатты ұстаздары.
Мен төрт жылдық оқуымды үздік аяқтаған 2011 жылдың түлегімін. Студенттік шағымда ағылшын тілі бөлімінің «Discovery» ғылыми-ресурс орталығының вице-президенті, «Bright Sun» ағылшын тіліндегі хор үйірмесінің солисті, домбыра үйірмесінің қатысушысы, баскетбол командасының үздік ойыншысы болып, қоғамдық іс-шараларға белсене қатыстым. Алғашқы еңбек жолымды өзімнің білім алған алтын ұя мектебім – Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 орта мектебінде тәлімгерлік қызметтен бастадым. Кейін еңбегімнің нәтижесінде тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалдым. Мұғалімдік мамандықпен шектелмей, «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» бойынша магистратурда оқып жүріп, Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясына жұмысқа орналастым. Бұл мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен көп тәжірибе жинақтадым, пән бойынша белсенді оқушымды алғаш рет қалалық олимпиада5а қатыстырдым. Мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімдеріне үлкен рахмет айтамын. Кейін 2018 жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған IT мектеп-лицейінде тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары қызметін атқардым. Бұл лицейде де үлкен жұмыстар жүргізілді, облыс деңгейінде түрлі форматта іс-шаралар өтті. Ағылшын тілі пәнінен оқушым облыстық олимпиадан жүлделі 1 орын алып, республикалық олимпиадаға жолдама алды. Қазіргі уақытта Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын. Қосымша білім беру кәсіпорында қызмет ету мен үшін өте қызықты. Себебі бұнда тек оқумен ғана шектелмей, мектеп жасындағы оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорт, шығармашылық бағыттарда түрлі үйірмелер, жұмыстармен айналысу – менің бойымдағы қабілетті айқындай түсті. Себебі мен бала кезімнен шығармашылыққа, спортқа жақын болдым, қызмет жолымда да хоббиімді қатар алып жүрдім, әлі де бос уақытымды шығармашылыққа, спортқа арнаймын.
Мектеп – білім алатын орта, оның жүрегі – мұғалім, ұстаз мекепте басты тұлға болып қала береді, себебі халықаралық тәжірибеде көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімдерді алмастыра алмайды. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмір сүруге күннен күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді іздеуге итермелейді. Мен үшін қастерлі де, қасиетті мамандық, ол – ұстаздық. Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет даналық сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек.
Еңбек жолымда қызметімнің жоғарылауы – ұстаздық мамандығыма алғаш қадам басуға себепші болған Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледждің білікті басшысы Ахат Нұртас Ахатұлына, алтын шаңырақтың ұжымына, 4 жыл бойы студенттік шағымның куәсі болған ағылшын тілі бөліміне айтар алғысым шексіз. Үкілеген үміттеріңізді ақтайтын үлгілі шәкірттеріңіз көп болғай.
Оспанова Ақжарқын Асылбекқызы
«Шетел тілі мұғалімі», 2011 жылдың түлегі
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары