Мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру
23.10.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары кәсіби бағдар бойынша мектептерде жұмыс жүргізіп жатыр. Мұндай игі шара «Бастауыш мектеп» бөлімінің ұйымдастыруымен Красный Яр №1 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Аталыш жұмысты колледж оқытушысы Бегалин Болат Жанайдарұлы жүргізді. Мектептің 9 «а» сынып оқушыларына колледж туралы бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді

