«БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН
2024 жылдың 29 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 5АВ01140101 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша білім алатын ІV курс БМ-42ҚБ тобының студенттерінің қорытынды аттестаттау емтихандары басталды. Алғашқы қорытынды аттестаттау емтиханы педагогика және психология негіздері пәндерінен тест түрінде сәтті тапсырылды. Бітіруші БМ-42ҚБ тобының студенттеріне алдағы демонстрациялық емтиханды және дипломдық жобаны қорғауды сәтті тапсыруларына тілектеспіз!

