18.09.2022
Қазақстанда қыркүйек айының әр үшінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтіледі. Биыл бұл мереке 18 қыркүйекке түсіп отыр.
Елімізде аталмыш мейрам ресми түрде 2012 жылы бекітілген болатын. Айта кетейік, Аналар күні әлемнің әр елінде түрлі уақытта тойланады. Мәселен, Германия, Италия, Түркия, АҚШ, Дания, Жапония мен Бразилияда Аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Адамзатың ана алдындағы парызы көп. Бұл күн – аналарымызды құрметтеу күні. Қазақ халқы аналарға ерекше құрмет көрсетеді. Қазіргі кезде нәзік жандар түрлі салаларда жетістіктерге жетіп отыр. Қабыл алыңыздар! Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ІІІ курс студенттері барша аналар қауымын мерекемен шын жүректен құттықтайды!