АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қамқоршылық кеңес отырысы

10.06.2019

     2019 жылдың 7 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының орынбасары Ботагөз Балапайқызы Дүйсенованың, қамқоршылық кеңес мүшелерінің, колледж ұжымының қатысуымен қамқоршылық кеңес өтті. Қамқоршылық кеңес отырысында колледждің 2019-2020 жаңа оқу жылына даярлық мәселелері қарастырылды. Колледж оқытушысы, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің PhD докторанты Бекмағанбетова Оралсын Қалиқайдарқызының есебі тыңдалды. Күн тәртібінде колледжде жаңа мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриат жүйесіне көшу мәселесі, оқу орнын жаңа оқу жылына даярлау жұмыстарының жоспары, 2019-2020 оқу жылына колледжден PhD жүйесі бойынша докторантураға оқуға түсу мәселесі қарастырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007  жылғы 23 қазандағы №502 «білім беру мекемелеріндегі қатаң есептегі құжаттар формасын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Т.Сабитова таныстырып өтті. Күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер бойынша есеп беріліп, жаңа оқу жылына дейін орындалатын жұмыс түрлері қамқоршылық кеңес отырысының қаулысымен бекітілді. Қамқоршылық кеңес отырысының қаулысы: «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес лицензияға қосымша алуға қажетті құжаттар даярланып, тиісті талаптарға сәйкес білім саласындағы бақылау департаментіне 2019 жылдың маусымның 20-на дейін өтінім берілсін; 2019-2020 оқу жылына 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының екі біліктілігі бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасына жалпы орта білім негізінде талапкерлер қабылдансын; Колледж оқытушысы, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің PhD докторанты Бекмағанбетова Оралсын Қалиқайдарқызының есебі қабылдансын. 2019-2020 жылға докторантураға түсуге ниет білдірген педагогикалық ғылымдарының магистрі Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының кандидатурасы бекітілсін. Докторантураға оқуға түскен жағдайда меморандумға сай қаражат бөлу мәселесі шешілсін.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.06.2019 14:08
Құрылған күні: 11.06.2019 15:59

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст