АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына» сәйкес Филология бөлімінің ФБ-43 тобы дипломалды практиканы онлайн және оффлайн, яғни дәстүрлі фоматта өтуде. Дипломалды практикасы колледжде тәжірибе жинақтаудың тұтас кешенінің соңғы сатысы болып табылады. Сондықтан дипломалды практика барысында тәжірибе жинақтаушылар дипломдық, курстық жұмыстарының тәжірибелік бөліміне қажетті тапсырмаларды орындауда. Әр студентке әдіскер М.Тұрлыбекқызының тарапынан әдістемелік көмек берілуде.
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес студенттерге оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін қолданып сыныптан тыс шаралардың жоспарын құру, пән бойынша сабақтың жоспарларын, көрнекіліктерін даярлау, дидактикалық материалдар даярлау және бейнесабақтар түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл тәжірибе білім алу кезінде өте қажет болып табылады, өйткені студентті еңбек қызметіне тартып, кәсіби саладағы құзіреттілігін арттыруға барынша жағдай жасайды.