Кітапхана жұмысы тәжірибесінің сипаттамасы

13.05.2019

Кітапхана қызметінің мақстаы мен міндеттері:

Студенттерге, оқытушылар құрамына, ғылыммен айналысатын оқытушыларға, магистранттарға ақпарат қажеттіліктеріне сәйкес толық ақпараттық және кітапхана қызметін көрсету;

Білім алушыларды барлық пәнге байланысты оқулықтармен, көркем әдеби шығармалармен қамтамасыз ету, болашақ мамандардың үздіксіз білім алуына жәрдемдесу;

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы электронды оқулықтарды пайдалануға жағдай жасау;

Қорда жинақталған республиканың ғылыми және мәдени мұрасын насихаттау және болашақ ұрпақ үшін сақтау;

Кітапхана қызметін заманауи өзгерістерге сай жаңа инновациялық бағытта ұйымдастыру;

Оқырмандарға өздігінен кітап қорын еркін пайдалануға, электронды каталогпен жұмыс

жасауға мол мүмкіндік беру;

Кітапхана оқырмандарына кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауға жәрдемдесу, оқу мәдениеттілігіне тәрбиелеу;

Пайдаланушылардың ақпарат қажеттіктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп, дәстүрлі және қазіргі заманғы ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау;

Кітапхана қызметінің сапасы  мен тиімділігін арттыру мақсатында кітапхананың іс тәжірибесіне  кітапхана маркетингін енгізу;

Кітапхананың барлық оқырмандарын «Кабис» бағдарламасымен жұмыс жасауға үйрету;

Барлық пайдаланушылардың электронды каталогпен жұмыс істей алуын қамтамасыз ету.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу