АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Осының аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімнің 3 курс студенттері дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мектепке дейінгі бөлім оқытушысы Құрметқызы Мейрамгүл дөңгелек үстелді студенттерге жаңа оқу жылын жақсы көңіл – күймен бастау мақсатында «Бүгінгі көңіл - күйім» атты тренингпен басталды. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары мен оның алдын алу жолдары туралы талқылау дискус өткізді. Дөңгелек үстел барысында әр түрлі өзекті мәселелер қарастырылып, өз ойларын ортаға салып, жоба қорғады. Пікірталас алаңы өте қызықты және мәнді өтті. Сабақ қорытындысы ретінде үлестірілмелі материалдар таратылды.