Текст
29 қараша күні Шетел тілі кафедрасының оқытушысы Ш.Оспанова тәрбие жұмысының жылдық жоспары аясында А-44 тобының студенттерімен «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты студенттердің бойында Қазақстандық патриотизм, ұлттық сана қалыптастыру мен тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының ролінің маңызын түсіндіру болды. Студенттер назарына бейнероликтер, презентациялар, ҚР рәміздері, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, даталар жазылған плакаттар, Н.Ә.Назарбаевқа арналған өлеңдер мен фотолардан ұйымдастырылған көрме ұсынылып, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар арқылы, өз ойларын ортаға салды.