Құрметті талапкер!
10.08.2020
Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 2020-2021 оқу жылына 9-сынып негізінде 010801 3 – «Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдардың мұғалімі» мамандығына талапкерлерді оқуға қабылдайды. Аталған мамандыққа грант орындары жеткілікті. Колледжімізде музыка бөлімінің талапкерлері үшін барлық жағдай жасалған. «Самғау» студенттердің біріккен хоры, «Этюд» баянистер ансамблі, «Наркескен» хоры, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, «Сарыарқа» вокалды-аспапты ансамблі, «Viva vox» эстрадалық хоры студенттерді кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында жыл бойы жұмыс жасайды. Студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Құжаттар күндізгі бөлімге 20 тамызға дейін қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Бурабай мөлтек ауданы, 76. Біз Сіздерді күтеміз!
Байланыс нөмері: 8(7162) 32-95-78, 8 705 333 14 14
