24.05.2022
2022 жылдың 24 мамыр күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Білім беру процесіне қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеудің тиімділігі» тақырыбындағы семинар өтіп жатыр. Іс-шара Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде бастау алды. Әдіскерлермен колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы «Колледж жетістігі – командалық жұмыста» атты экскурсия жүргізіп, мекемені таныстырды. Колледж педагог-психологі Сейтбаттал Дайана Нұрлыбекқызы «Жеке тұлғаны қалыптастыру формуласы» тақырыбында тренинг өткізіп, әдіскерлерді түрлі қырынан аша білді.